О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

464-бап. Салық салу объектісі

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

1. Мыналар акциз салынатын объект болып табылады:
1) акциз төлеуші өзі шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйған акцизделетін тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялар: осы Кодекстің 527-бабы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген, өндірілуі, жиналуы (жинақталуы) еркін қойма аумағында жүзеге асырылатын тауарларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды өткізу; акцизделетiн тауарларды алыс-беріс негiзінде қайта өңдеуге беру; алыс-берiстік, оның iшiнде акцизделетiн шикiзат пен материалдарды қайта өңдеу өнiмi болып табылатын акцизделетiн тауарларды беру; жарғылық капиталға жарна; акцизделетін тауарларды заттай нысанда пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа рента салығын төлеу есебіне беру жағдайларынан басқа, акцизделетiн тауарларды заттай ақы төлеген кезде пайдалану; өндіруші өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiне жүзеге асыратын акцизделетiн тауарларды тиеп-жөнелту; өндiрушiнің жасап шығарған және (немесе) өндiрген және (немесе) ыдысқа құйған акцизделетін тауарларды өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждары үшін және акцизделетін тауарларды өздері өндіруі үшін пайдалануы; өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарлардың лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан орын ауыстыруы;
2) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және экологиялық отынды көтерме саудада өткізу;
3) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және экологиялық отынды бөлшек саудада өткізу;
4) мүліктік массаны, тәркiленген және (немесе) иесiз, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделетін тауарларды өткiзу;
5) акцизделетiн тауарлардың бүлiнуi, жоғалуы;
6) акцизделетін тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импорты.
2. Сәйкестендіру құралдарының, есепке алу-бақылау маркаларының бүлінуі, жоғалуы акцизделетін тауарларды өткізу ретінде қаралады.
3. Мыналар акциз салудан босатылады:
1) егер осы Кодекстiң 471-бабында белгіленген талаптарға сай келсе, акцизделетiн тауарлардың экспорты;
2) этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді және оның айналымын бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын квоталар шегіндегі, өз қызметінің басталғаны туралы белгіленген тәртіппен хабардар еткен мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына босатылатын этил спирті;
3) жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау маркалармен қайта таңбалауға жататын, осы Кодекстің 172-бабының 2-тармағында көрсетілген акцизделетін тауарлар, егер аталған тауарлар бойынша акциз бұрын төленсе;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген медициналық мақсаттағы құрамында спирті бар өнім (бальзамдардан басқа).
5) есептен шығару және жою туралы актінің негізінде салық органдары қабылдаған, ақаулық, жоғалу, бүліну себебі бойынша айналымнан шығарылған сәйкестендіру құралдары.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-464/