О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

467-бап. Әртүрлi мөлшерлемелер белгiленген жағдайда спирттің барлық түрiне және толысылған шарапқа салық салу ерекшелiктерi

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

1. Осы Кодекстiң 463-бабының 3-тармағына сәйкес спирттің барлық түрiне және толысылған шарапқа әртүрлi акциз мөлшерлемелері белгiленген жағдайда, салықтық база сол бiр мөлшерлемемен салық салынатын операциялар бойынша жеке айқындалады.
2. Алкоголь өнiмiн өндiрушiлер базалық мөлшерлемеден төмен акцизбен сатып алған спирт пен толысылған шарапты этил спиртін және (немесе) алкоголь өнiмiн өндіруден басқа мақсатқа пайдаланған кезде, осы спирт пен толысылған шарап бойынша акциз сомасы қайта есептелуге және алкоголь өнiмiн өндiрушiлер болып табылмайтын тұлғаларға өткізілетін спирттің барлық түрi мен толысылған шарапты үшiн белгiленген акциздің базалық мөлшерлемесі бойынша бюджетке төленуге жатады. Акцизді қайта есептеуді және төлеудi спиртті немесе толысылған шарап алушы жүргiзедi.
3. Осы баптың 2-тармағының ережелерi емдiк және фармацевтикалық препараттар шығару және медициналық қызметтер көрсету үшiн сатып алынған спирт мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайда да қолданылады. Емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндірушілер мен спирттi акцизсiз алған мемлекеттiк медициналық мекемелер осы спирт бойынша акциз төлеушiлер болып табылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-467/