Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
541-бап. Әртүрлі мөлшерлемелер белгіленген жағдайда
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
спирттің барлық түріне және толысылған
шарапқа (шарап материалына) салық салу ерекшеліктері
1. Осы Кодекстің 536-бабының 3-тармағына сәйкес спирттің барлық түріне және толысылған шарапқа (шарап материалына) әртүрлі акциз мөлшерлемелері белгіленген жағдайда, салықтық база сол бір мөлшерлемемен салық салынатын операциялар бойынша жеке айқындалады.
2. Алкоголь өнімін өндірушілер базалық мөлшерлемеден төмен акцизбен сатып алған спиртті алкоголь өнімін өндіруден басқа мақсатқа пайдаланған кезде, осы спирт бойынша акциз сомасы қайта есептелуге және алкоголь өнімін өндірушілер болып табылмайтын тұлғаларға өткізілетін спирттің барлық түрі үшін белгіленген акциздің базалық мөлшерлемесі бойынша бюджетке төленуге жатады. Акцизді қайта есептеуді және төлеуді спиртті алушы жүргізеді.
3. Алкоголь өнімін өндірушілер базалық мөлшерлемеден төмен акцизбен сатып алған толысылған шарапты (шарап материалын) спиртті және (немесе) алкоголь өнімін өндіруден басқа мақсатқа пайдаланған кезде, осы толысылған шарап (шарап материалы) бойынша акциз сомасы қайта есептелуге және алкоголь өнімін өндірушілер болып табылмайтын тұлғаларға өткізілетін толысылған шарап (шарап материалы) үшін белгіленген акциздің базалық мөлшерлемесі бойынша бюджетке төленуге жатады. Акцизді қайта есептеуді және төлеуді толысылған шарапты (шарап материалын) алушы жүргізеді.
4. Осы баптың 2-тармағының ережелері медициналық қызметтер көрсету үшін сатып алынған спирт мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайда да қолданылады. Спиртті акцизсіз алған мемлекеттік медициналық мекемелер осы спирт бойынша акциз төлеушілер болып табылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-541/