О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

469-бап. Сәйкестендіру құралдарының, есепке алу-бақылау маркаларының бүлiнуi, жоғалуы

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, сәйкестендіру құралдарыны, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген, жоғалған кезде акциз мәлімделген ассортимент мөлшерінде төленеді. Осы Кодекстің 172-бабына сәйкес алкоголь өнімін таңбалауға арналған бүлінген немесе жоғалған (оның ішінде ұрланған) есепке алу-бақылау маркалары бойынша акцизді есептеу маркада көрсетілген сауыттың (ыдыстың) көлеміне қолданылатын белгіленген мөлшерлемелер негізге алына отырып жүргізіледі.
2. Темекі бұйымдарының импорты кезінде берілген сәйкестендіру құралдары, есепке алу-бақылау маркалары бүлiнген, жоғалған кезде төленген акциз сомалары мынадай:
1) сәйкестендіру құралдарының, есепке алу-бақылау маркаларының бүлінуі, жоғалуы төтенше ахуалдар салдарынан және (немесе) төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде туындаған;
2) бүлiнген сәйкестендіру құралдарын, есепке алу-бақылау маркаларын салық органдары есептен шығару және жою туралы актінің негiзiнде қабылдаған жағдайларда қайта есептеуге жатады.
3. Темекі бұйымдарына берілген сәйкестендіру құралдары бүлiнген, жоғалған кезде мынадай:
1) сәйкестендіру құралдарының бүлінуі, жоғалуы төтенше ахуалдар салдарынан және (немесе) төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде туындаған;
2) бүлінген сәйкестендіру құралдарын салық органдары есептен шығару және жою туралы актінің негізінде қабылдаған жағдайларда акциз төленбейді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-469/