Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
543-бап. Сәйкестендіру құралдарының, есепке алу-бақылау
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
маркаларының бүлінуі, жоғалуы
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, сәйкестендіру құралдары, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген, жоғалған кезде акциз мәлімделген ассортимент мөлшерінде төленеді.
Осы Кодекстің 175-бабына сәйкес алкоголь өнімін таңбалауға арналған бүлінген немесе жоғалған (оның ішінде ұрланған) есепке алу-бақылау маркалары бойынша акцизді есептеу маркада көрсетілген сыйымдылықтың (ыдыстың) көлеміне қолданылатын белгіленген мөлшерлемелер негізге алына отырып жүргізіледі.
2. Темекі бұйымдарын импорттау кезінде берілген сәйкестендіру құралдары, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген, жоғалған кезде төленген акциз сомалары:
1) сәйкестендіру құралдарының, есепке алу-бақылау маркаларының бүлінуі, жоғалуы төтенше ахуал салдарынан және (немесе) төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде туындаған;
2) бүлінген сәйкестендіру құралдарын, есепке алу-бақылау маркаларын салық органдары есептен шығару және жою туралы актінің негізінде қабылдаған жағдайларда қайта есептеуге жатады.
3. Темекі бұйымдарына берілген сәйкестендіру құралдары бүлінген, жоғалған кезде сәйкестендіру құралдарының бүлінуі, жоғалуы төтенше ахуал салдарынан және (немесе) төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде туындаған жағдайларда акциз төленбейді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-543/