Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
478-бап. Салықтық кезең және акциз бойынша салық декларациясы
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте:
Статья 551. Налоговый период и налоговая декларация по акцизу
сәйкестік: орташа
· толық сәйкестік кестесі
1. Акцизге қатысты күнтiзбелiк ай салық кезеңi болып табылады.
2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, әрбір салықтық кезең аяқталған соң акциз төлеушілер өзiнің орналасқан жерi бойынша салық органына акциз жөнiндегі декларацияны есепті салықтық кезеңнен кейiнгi екінші айдың
15-күнінен кешiктiрмей ұсынуға мiндеттi.
3. Акциз төлеушiлер декларациямен бiр мезгiлде акциз бойынша
есеп-қисаптарды ұсынады.
4. Акцизделетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын салық төлеушілер импортталған акцизделетін тауарлар есепке қабылданған айдан кейінгі айдың 20-ынан кешіктірілмейтін мерзімде орналасқан (тұрғылықты) жеріндегі салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті және осы Кодекстің 456-бабының 2-тармағына сәйкес өзге де құжаттарды ұсынуға міндетті.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-478/