НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

551-бап. Салықтық кезең және акциз бойынша салық декларациясы

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Акцизге қатысты күнтізбелік ай салықтық кезең болып табылады.
2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, әрбір салықтық кезең аяқталған соң акциз төлеушілер өзі тұрған жеріндегі салық органына акциз бойынша декларацияны есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей ұсынуға міндетті.
3. Құрылымдық бөлімшелері бар акциз төлеушілер осындай құрылымдық (аумақтық) бөлімше тұрған жердегі салық органына акциз бойынша декларацияға осындай құрылымдық (аумақтық) бөлімше бойынша акциз сомасын есептеу жөніндегі қосымшаны ұсынады.
4. Акцизделетін тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын салық төлеушілер импортталған акцизделетін тауарлар есепке қабылданған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмейтін мерзімде тұрған (тұрғылықты) жеріндегі салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті және осы Кодекстің 530-бабының 2-тармағына сәйкес өзге де құжаттарды ұсынуға міндетті.
5. Қазақстан Республикасының аумағында осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларды сатып алған жеке тұлғалар өздерінің тұрған жеріндегі салық органына акциз бойынша декларацияны осындай көлік құралдарын сатып алған айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей ұсынуға міндетті.
6. Осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде салық төлеуші тұрған (тұрғылықты) жеріндегі салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда не электрондық нысанда ғана осындай акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу жүзеге асырылған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей ұсынуға міндетті.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-551/