О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

482-бап. Төлеушілер

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Жаңа кодексте: Статья 555. Плательщики орналасуы бойынша · толық сәйкестік кестесі
1. Мыналар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады:
1) дара кәсiпкерлер;
2) жеке практикамен айналысатын адамдар;
3) егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары;
4) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар;
5) тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайтын құрылымдық бөлімше арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар.
2. Мынадай салық төлеушілер әлеуметтік салық төлеушілер болып табылмайды:
1) арнаулы салық режимін: патент негізінде; шаруа немесе фермер қожалықтары үшін қолданатындар; бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатындар; арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып қолданатындар;
2) осы Кодекстің 290-бабы 3-тармағының шарттарына сәйкес келетін тірек-қимыл аппараты бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мүгедектігі бар адамдар жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдар.
3. Резидент-заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесінің: осындай құрылымдық бөлімшенің шығыстары болып табылатын салық салу объектілері бойынша әлеуметтік салықты есептеу мен төлеу; осындай құрылымдық бөлімше есепке жазған, төлеген төлем көзінен салық салынуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемелерді бір мезгілде орындауын тануға құқылы. Резидент-заңды тұлғаның мұндай шешімін қабылдау немесе оның күшін жою осындай шешім қабылданған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі. Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше әлеуметтік салық төлеуші деп танылса, онда заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімшенің құрылған күнінен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-482/