Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
555-бап. Төлеушілер
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 482. Плательщики
· толық сәйкестік кестесі
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, әлеуметтiк салық төлеушiлер мыналар болып табылады:
1) дара кәсiпкерлер;
2) жеке практикамен айналысатын адамдар;
3) егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары;
4) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар;
5) қызметін тұрақты мекеме құруға алып келмейтін құрылымдық бөлімше арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар.
2. Мынадай салық төлеушілер әлеуметтік салық төлеушілер болып табылмайды:
1) арнаулы салық режимін:
өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін;
оңайлатылған декларация негізінде;
шаруа немесе фермер қожалықтары үшін қолданатындар;
2) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес мүгедектігі бар адамдардың мамандандырылған ұйымдары.
3. Резидент-заңды тұлға өз шешімімен:
осындай құрылымдық бөлімшенің шығыстары болып табылатын салық салу объектілері бойынша әлеуметтік салықты есептеу мен төлеу;
осындай құрылымдық бөлімше есепке жазған, төлеген төлем көзінен салық салынуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттемелерді бір мезгілде орындайтын өзінің құрылымдық бөлімшесін әлеуметтік салық төлеуші деп тануға құқылы.
Резидент-заңды тұлғаның мұндай шешімін қабылдау немесе оның күшін жою осындай шешім қабылданған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше әлеуметтік салық төлеуші деп танылса, онда заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімшенің құрылған күнінен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-555/