Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
484-бап. Салық салу объектісі
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
1. Төлеушілердің өздерін қоса алғанда, жұмыскерлердің саны жеке практикамен айналысатын адамдар және оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер үшін салық салу объектісі болып табылады.
2. Мыналардың:
1) жұмыскердің осы Кодекстің 322-бабының 1-тармағында көрсетілген кірістері (оның ішінде жұмыс берушінің осы Кодекстің 644-бабы
1-тармағының 20), 22), 23) және 24) тармақшаларында көрсетілген шығыстары) бойынша жұмыс берушінің;
2) осы Кодекстің 220-бабының 7-тармағында көрсетілген шетелдік персоналдың кірістері бойынша салық агентінің шығыстары осы Кодекстің 482-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген төлеушілер үшін салық салу объектісі болып табылады.
3. Мыналар салық салу объектісінен алып тасталады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті зейнетақы жарналары;
2) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленетін жарналар;
3) осы Кодекстің 341-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында белгіленген кірістерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жұмыскерлердiң кірістері бөлігінде осы Кодекстiң 341-бабы 1-тармағының 53) тармақшасында белгіленген кірістерді қоспағанда, осы Кодекстің 341-бабының 1-тармағында белгіленген кірістер;
4) осы Кодекстің 654-бабының 10) тармақшасында белгіленген кірістер;
5) гранттар қаражаты есебінен жүргізілетін төлемдер.
Егер төлемдер грант алушымен не гранттың мақсаттарын (міндеттерін) жүзеге асыру үшін грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келісімшартқа) сәйкес жүргізілсе, осы тармақшаның ережелері қолданылады.
4. Егер осы баптың 2-тармағында көрсетілген, осы баптың 3-тармағы ескеріле отырып айқындалған салық салу объектісі күнтізбелік ай үшін бір теңгеден бастап республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осы күнтізбелік айдың бірінші күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшеріне дейінгі соманы құраса, онда салық салу объектісі айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшері негізге алына отырып айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-484/