О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

485-бап. Салық мөлшерлемелері

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Жаңа кодексте: Статья 557. Ставки налога орналасуы бойынша · толық сәйкестік кестесі
1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, әлеуметтiк салық: 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 9,5 пайыз; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 11 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептеледі.
2. Дара кәсiпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар әлеуметтiк салықты республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төленетін күнге қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштің 2 еселенген мөлшерінде өзi үшiн және айлық есептiк көрсеткiштің 1 еселенген мөлшерiнде әрбiр жұмыскер үшiн есептейді. Осы тармақтың ережесі:
1) өздері осы Кодекстің 213-бабына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды уақытша тоқтата тұруы кезеңінде салық төлеушілерге;
2) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерге;
3) осы тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, салықтық кезеңде кіріс алмаған дара кәсіпкерлерге және жеке практикамен айналысатын адамдарға қолданылмайды.
3. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын төлеушілер үшін әлеуметтік салықтың мөлшерлемелері осы Кодекстің 77-тарауында белгіленген.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-485/