О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

497-бап. Жалпы ережелер

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Жаңа кодексте: Статья 570. Общие положения орналасуы бойынша · толық сәйкестік кестесі
1. Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың нысаналы мақсатына және тиісті санаттарға тиесілі болуына қарай қарастырылады.
2. Жердің белгілі бір санатқа тиесілігі Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгiленедi. Елдi мекендердің жерлерi салық салу мақсаты үшiн мынадай екi топқа бөлiнген:
1) тұрғын үй қорын, оның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жердi қоспағанда, елдi мекендердің жерi; 2) тұрғын үй қоры, оның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер.
3. Жердің мынадай санаттары салық салуға жатпайды:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi;
2) орман қорының жерi;
3) су қорының жерi;
4) босалқы жер. 5) ядролық қауіпсіздік аймағының жері. Ескерту. 3-тармақтың 5-тармақшасы - ядролық қауіпсіздік аймағының құрылуы мен жұмыс істеуін реттейтін заңнамалық акт қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізіледі ҚР 20.12.2021 № 85-VII Заңымен. Көрсетілген жерлер (босалқы жерді және ядролық қауіпсіздік аймағын қоспағанда) тұрақты жер пайдалануға немесе бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалануға берiлген жағдайда, олар осы Кодекстiң 508-бабында айқындалған тәртiппен салық салуға жатады.
4. Жер салығы:
1) сәйкестендіру құжаттары: меншік құқығының актісі, тұрақты жер пайдалану құқығының актісі, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығының актісі;
2) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жердiң мемлекеттiк сандық және сапалық есебiнің деректерi негiзiнде есептеледi.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-497/