Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
570-бап. Жалпы ережелер
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 497. Общие положения
· толық сәйкестік кестесі
1. Салық салу мақсатында бүкіл жер нысаналы мақсатына және тиісті санаттарға тиесілі болуына қарай қарастырылады.
2. Жердің сол немесе өзге санатқа тиесілігі Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгiленедi. Елдi мекендердің жерi салық салу мақсаты үшiн мынадай екi топқа бөлiнген:
1) тұрғын үй қоры, оның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жердi қоспағанда, елдi мекендердің жерi;
2) тұрғын үй қоры, оның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер.
3. Жердің мынадай санаттары салық салуға жатпайды:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi;
2) орман қорының жерi;
3) су қорының жерi;
4) босалқы жер;
5) ядролық қауіпсіздік аймағының жері.
Көрсетілген жерлер (босалқы жерді және ядролық қауіпсіздік аймағын қоспағанда) тұрақты жер пайдалануға немесе бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалануға берiлген жағдайда, олар осы Кодекстiң 580-бабында айқындалған тәртiппен салық салынуға жатады.
4. Жер салығы:
1) сәйкестендіру құжаттары: меншік құқығының актісі, тұрақты жер пайдалану құқығының актісі, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығының актісі;
2) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жердiң мемлекеттiк сандық және сапалық есебiнің деректерi негiзiнде есептеледi.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-570/