О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

521-бап. Салықтық мөлшерлемелер

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Жаңа кодексте: Статья 592. Налоговые ставки орналасуы бойынша · толық сәйкестік кестесі
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, заңды тұлғалар мүлiк салығын салықтық базаға 1,5 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейдi.
2. Мүлік салығын салықтық базаға 0,5 пайыз мөлшерлеме бойынша мына төлеушілер есептейді:
1) дара кәсіпкерлер;
2) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар;
3) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері.
3. Төменде көрсетілген заңды тұлғалар мүлiк салығын салықтық базаға 0,1 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейдi:
1) дiни бiрлестiктердi және осы Кодекстің 289-бабының 4-тармағында көрсетілген коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда, осы Кодекстің 289-бабында айқындалған заңды тұлғалар;
2) осы Кодекстiң 290-бабында айқындалған заңды тұлғалар;
3) негiзгi қызмет түрi кiтапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын ұйымдар;
4) мемлекеттiк меншіктегі және бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының объектiлерi бойынша заңды тұлғалар;
5) ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушi заңды тұлғалардың және шаруа немесе фермер қожалықтарының жерін суару үшiн пайдаланылатын гидромелиоративтік құрылыс объектiлерi бойынша заңды тұлғалар;
6) ауыз сумен жабдықтау объектілері бойынша заңды тұлғалар;
9) Астана және Алматы қалаларының әуеайлақтарындағы ұшу-қону жолақтарын және әуежайларының терминалдарын қоспағанда, әуеайлақтардағы ұшу-қону жолақтары және әуежайлардың терминалдары бойынша заңды тұлғалар;
10) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген негізгі қызмет түрін өздері жүзеге асырған кезде пайдаланатын объектілер бойынша технологиялық парктер. Осы тармақшаның ережелерін бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін: Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес құрылған; осындай технологиялық парктердің дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 және одан көп пайызы технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтына тиесілі технологиялық парктер қолдануға құқылы. Осы тармақшаның ережелері салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға беру жағдайларында қолданылмайды.
11) 01.01.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 25.12.2017 № 121-VІ Заңымен;
12) 01.01.2020 бастап 01.01.2024 дейін қолданыста болды - ҚР 10.12.2020 № 382-VI Заңымен.
13) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым. Осы тармақшаның бірінші бөлігінің мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым деп қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрме аумағын көрмеден кейінгі пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға түсініледі.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген заңды тұлғалар пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша:
1) егер мұндай пайдалану, сенімгерлік басқару немесе жалға беру үшін төлемақы мемлекеттік бюджетке түсетін жағдайда – осы Кодекстің 290-бабының 2-тармағында;
2) осы Кодекстің 290-бабының 3-тармағында; 3) 01.01.2020 бастап 01.01.2024 дейін қолданыста болды - ҚР 10.12.2020 № 382-VI Заңымен.
4) осы баптың 3-тармағының 13) тармақшасында айқындалған заңды тұлғаларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында белгіленген салық мөлшерлемесі бойынша мүлік салығын есептейді және төлейді.
5. Мүлік салығын салықтық базаға 0 пайыз мөлшерлеме бойынша:
1) осы Кодекстің 291-бабының 1-тармағында айқындалған заңды тұлғалар;
2) осы Кодекстің 79-тарауында белгіленген ережелер ескеріле отырып, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар;
3) осы Кодекстің 80-1-тарауының ережелерін ескере отырып, инвестициялар туралы келісім жасасқан тұлға есептейді.
6. Тұрғын үй қатынастары саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекіткен тізбеде айқындалған заңды тұлғалар салықты мемлекеттік және (немесе) үкіметтік тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын іске асыру шеңберінде осы бағдарламаға қатысушы болып табылатын жеке тұлғаға тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берілген салық салу объектілері бойынша осы Кодекстің 531-бабында белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептейді.
7. Егер әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі осы баптың 2, 3, 4 және 5-тармақтарының бірнеше ережесіне сәйкес келсе, онда осы бапта белгіленген ең төмен мөлшерлемелердің бірі қолданылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-521/