Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
54-бап. Кейінге қалдырудың, мерзімін ұзартудың және инвестициялық салық кредитінің тоқтату
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте тікелей баламасы жоқ
· толық сәйкестік кестесі
1.
Кейінге қалдырудың, мерзімін ұзартудың және инвестициялық салық кредитінің қолданылуы тиісті шешімнің немесе келісімнің қолданылу мерзімі өткеннен кейін тоқтатылады.
2.
Кейінге қалдырудың, мерзімін ұзартудың және инвестициялық салық кредитінің қолданылуы:
1) салық төлеуші салықтардың және (немесе) төлемақылардың бүкіл сомасын белгіленген мерзім өткенге дейін төлеген;
2)
салық төлеуші салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыруды, мерзімін ұзартуды және инвестициялық салық кредитін беру шарттарын бұзған;
3) егер кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту осы Кодекстің 51-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген негіз бойынша берілген жағдайда – тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы салық органының шешімінде көрсетілген мерзім ішінде тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым берілген жағдайларда тоқтатылады, оның ішінде мерзімінен бұрын тоқтатылады. Осы тармақшада көзделген жағдай басталған кезде салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы шешімнің қолданылуы салық органы тиісті шешім қабылдаған күннен бастап тоқтатылады;
4) сот шешімі
бойынша;
5) салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомаларын төлеу жөніндегі салықтық міндеттемені орындау графигінде белгіленген мерзім бес жұмыс күнінен астам уақытқа бұзылған жағдайларда тоқтатылады, оның ішінде мерзімінен бұрын тоқтатылады.
3. Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы шешімнің қолданылуын осы шешімді қабылдаған салық органы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы шешімнің күшін жою туралы хабарламаны салық төлеушіге жібере отырып тоқтатады.
4. Егер инвестициялық салық кредиті туралы келісімді жасасқан салық төлеуші оның қолданылу мерзімі ішінде сатып алынуы инвестициялық салық кредитін беруге негіз болған жабдықты немесе өзге мүлікті өткізудің не басқа тұлғаларға иеленуге, пайдалануға немесе билік етуге берудің келісімде көзделген шарттарын бұзса, осы салық төлеуші инвестициялық салық кредиті туралы келісім бұзылған күннен бастап есепті кезеңнен кейінгі салықтық кезең ішінде келісімге сәйкес бұрын төленбеген барлық салық сомасын, сондай-ақ көрсетілген келісім жасалғаннан бастап бұзылғанға дейінгі кезеңге инвестициялық салық кредиті туралы келісім қолданылған әрбір күнтізбелік күн үшін төлем күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,25 еселенген базалық мөлшерлемесі мөлшерінде есепке жазылған тиісті өсімпұлдарды төлеуге міндетті.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-54/