О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

55-бап. Кепілге қойылған мүлікке өндіріп алуды қолдану және оны өткізу, сондай-ақ банк кепілдігінің орындалуын талап ету тәртібі

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Жаңа кодексте тікелей баламасы жоқ · толық сәйкестік кестесі
1. Осы Кодекстің 54-бабы 2-тармағының 2) және 5) тармақшаларында белгіленген жағдайларда кейінге қалдырудың немесе мерзімін ұзартудың қолданылуы тоқтатылған кезде салық органы салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның кепілге салынған мүлкіне өндіріп алуды қолданады не банк кепілдігін орындауды талап етеді.
2. Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті өткізуді уәкілетті заңды тұлға сауда-саттықтар өткізу жолымен жүргізеді. Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етілуі шектелген мүлкін өткізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
3. Салық органы салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу туралы талаптың орындалу мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде банк кепілдігі бойынша ақшалай соманы төлеу туралы талапты кепілдік берушіге жібереді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-55/