О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

569-бап. Төлемақы мөлшерлемелері

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Жаңа кодексте: Статья 621. Ставки платы сәйкестік: орташа · толық сәйкестік кестесі
Төлемақы мөлшерлемелерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкiлдi органдары су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкiлеттi орган бекіткен төлемақы есеп-қисабының әдістемесі негізінде белгiлейдi. Нақты су алу көлемi cу қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген су пайдалану лимиттерінен асып кеткен кезде осындай асып кету көлеміне бес есе ұлғайтылған төлемақы мөлшерлемелері қолданылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-569/