Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
621-бап. Төлемақы мөлшерлемелері
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 563. Ставки платы
· толық сәйкестік кестесі
Бұрынғы кодексте:
Статья 569. Ставки платы
· толық сәйкестік кестесі
1. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесі бойынша төлемақы мөлшерлемелері салықтық кезеңнің 1-іне қолданыста болатын АЕК мөлшері негізге алына отырып айқындалады және мынаны құрайды:
Р/с №
Кезең
Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)
1
2
3
1.
барлауға арналған лицензия қолданысының 1-айынан бастап 36-айы аралығында, 1 блок үшін
егер блоктар саны 70-тен аз болса – 15;
егер блоктар саны 70-тен 120-ға дейін болса – 30;
егер блоктар саны 120 және одан көп болса – 40
2.
барлауға арналған лицензия қолданысының 37-айынан бастап 60-айы аралығында, 1 блок үшін
егер блоктар саны 60-тан аз болса – 23;
егер блоктар саны 60-тан 100-ге дейін болса – 50;
егер блоктар саны 100 және одан көп болса – 60
3.
барлауға арналған лицензия қолданысының 61-айынан бастап 84-айы аралығында, 1 блок үшін
егер блоктар саны 50-ден аз болса – 32;
егер блоктар саны 50-ден 100-ге дейін болса – 60;
егер блоктар саны 100 және одан көп болса – 80
4.
барлауға арналған лицензия қолданысының 85-айынан бастап және әрі қарай, 1 блок үшін
егер блоктар саны 30-дан аз болса – 60;
егер блоктар саны 30-дан 80-ге дейін болса – 80;
егер блоктар саны 80 және одан көп болса – 100
5.
өндіруге арналған лицензия қолданысының 1-айынан бастап және әрі қарай, 1 км2
450
Осы тараудың мақсаттары үшін блок Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия берілген аумақты білдіреді. Әрбір блоктың оны сәйкестендіретін координаталары және жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган беретін жеке коды болады.
2. Қалған жер учаскелері бойынша төлемақы мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес айқындалады. Бұл ретте төлемақы мөлшерлемелері осы Кодекстің 582-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген ережелер ескерілмей, жер салығының мөлшерлемелерінен төмен емес мөлшерде белгіленеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-621/