Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
579-бап. Салықтық есептілік
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
1. Ластаудың жылжымалы көздерi бойынша декларацияны қоспағанда, төлемақы төлеушiлер ластау объектiсiнiң орналасқан жеріндегі салық органдарына декларация тапсырады.
Декларация салық органдарына:
1) мемлекеттік тіркеуге жататын ластаудың жылжымалы көздерi бойынша – мұндай тіркеуді жүргізу кезінде уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын жылжымалы көздерді тіркеу орны бойынша;
2) мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ластаудың жылжымалы көздері бойынша – салық төлеушінің тұрған жері бойынша тапсырылады.
2. Осы баптың 3-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, төлемақы төлеушiлер декларацияны тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-күнінен кешiктiрмей тапсырады.
3. Жылдық жиынтық көлемдері 100 АЕК-ке дейiнгі төлемдер көлемінде төлемақы төлеушілер декларацияны есептi салықтық кезеңнiң
20 наурызынан кешiктiрмей тапсырады.
Рұқсат құжаты көрсетілген мерзiмнен кейiн ресiмделген жағдайда, төлеушiлер декларацияны рұқсат құжаты алынған айдан кейiнгi айдың
20-күнінен кешiктiрмей тапсырады.
5-параграф. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-579/