НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

635-бап. Салықтық есептілік

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер (орман, өсімдік ресурстарын және жануарлар дүниесін және жобаны іске асыру кезінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілерді қоспағанда) арнайы су пайдалану жері бойынша салық органдарына төлемақы бойынша декларация ұсынады.
2. Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерді қоспағанда, тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмейтін мерзімде декларация ұсынады.
3. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салықтық есептілікті шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлерге арналған декларацияға тиісті қосымша түрінде тапсырады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-635/