Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
621-бап. Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келіскен кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының визаларын берген, қалпына келтірген немесе ұзартқан кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте:
Статья 668. Освобождение от уплаты государственной пошлины в судах
сәйкестік: орташа
· толық сәйкестік кестесі
Мемлекеттік баж төлеуден мыналар босатылады:
1) Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келіскен кезде:
Қазақстан Республикасымен консулдық алымдар алудан өзара бас тарту туралы халықаралық шарт жасасқан мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары;
мыналарға:
Қазақстан Республикасына баратын шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы
Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің шақырулары бойынша Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктер;
Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;
шетелдік инвесторларға;
этникалық қазақтарға;
өзара түсіністік қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша шақыруларды келісу туралы өтінішхат беретін қабылдаушы тұлғалар;
2) мыналарға:
Қазақстан Республикасына келетін шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы
Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетіндерге;
Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;
этникалық қазақтарға;
өзара түсіністік қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға;
шетелде тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасына жақын туыстарының жерлеуіне баратын, бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болған адамдарға;
шетелдік инвесторларға Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға виза бергені, қалпына келтіргені немесе ұзартқаны үшін;
3) Қазақстан Республикасы консулдық мекемелерінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жіберген қателері бар бастапқы визалардың орнына қайтадан визалар бергені үшін.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-621/