Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
630-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте тікелей баламасы жоқ
· толық сәйкестік кестесі
1.
Егер "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 2-тармағында аталған тұлғалар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтырады.
2. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны мынадай жеке тұлғалар ұсынуға міндетті:
1) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы» және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар;
2) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде меншік (талап) құқығында мынадай мүлік:
құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге жататын мүлік;
шетелдік банктердегі банктік шоттардағы барлық банктік салымдар бойынша жиынтығында айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомадағы ақша;
инвестициялық алтын;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;
тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі;
эмитенттері Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген бағалы қағаздар базалық активі болып табылатын туынды бағалы қағаздарды қоспағанда, эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркелген бағалы қағаздар;
шетелдік брокерлік шоттардағы ақша;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;
осы Кодекстің 631-бабының 5-тармағында көрсетілген, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешек) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешек);
осы Кодекстің 631-бабының 4-тармағында көрсетілген өзге де мүлік болған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының резиденттері;
3) цифрлық активтері болған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының резиденттері;
4) жеке практикамен айналысатын адамдар.
Осы тармақтың 2) – 4) тармақшаларының ережелері 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынған тұлғаларға қолданылмайды.
3.
Осы Кодексті қолдану мақсатында кәмелетке толмаған адамның және (немесе) әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі адамның салықтық міндеттемесін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңды өкілі орындайды.
5-1. Осы баптың ережелері шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің қызметкерлері болып табылатын шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ олардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелеріне қолданылмайды.
5-2. Жеке тұлға осы Кодекстің 632-бабында белгіленген мерзімде активтер мен міндеттемелер туралы бастапқы декларацияны ұсынбаған кезде салық органдары салықтық әкімшілендіруді жүргізу кезінде декларацияны ұсыну міндеттемесі немесе құқығы туындаған жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша уәкілетті органдардан, үшінші тұлғалардан, екінші деңгейдегі банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған мүлік (активтер) және міндеттемелер туралы мәліметтерді пайдаланады.
Уәкілетті орган жеке тұлғаның веб-қосымшасында жыл сайын күнтізбелік жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде:
мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік;
есепті жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша банктік шоттардағы ақша қалдықтары;
есепті күнтізбелік жылда алынған кірістер бойынша мәліметтерді орналастырады.
6. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация мынадай түрлерге бөлінеді:
1) бастапқы – активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру бойынша белгіленген міндет алғаш туындауына байланысты жеке тұлға тапсыратын активтер мен міндеттемелер туралы декларация;
2) кезекті – , егер мұндай жеке тұлға активтер мен міндеттемелер туралы бастапқы декларацияны ұсынса, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай жеке тұлға тапсыратын активтер мен міндеттемелер туралы декларация;
3) қосымша – өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын, бұрын тапсырылған жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жеке тұлға тапсыратын активтер мен міндеттемелер туралы декларация;
4) хабарлама бойынша қосымша – жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы бұзушылықтарды анықтаған, бұрын тапсырылған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жеке тұлға тапсыратын активтер мен міндеттемелер туралы декларация.
7. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация:
1) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген тұлғалардың тапсыруын;
2) осы Кодекстің 211-бабында көзделген қосымша салықтық есептілікті тапсыруды қоспағанда, бір рет тапсырылады.
Ескертпе. Осы тараудың мақсаттары үшін айлық есептік көрсеткіш деп республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және жеке тұлғаның активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынатын жылдың алдындағы есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш түсініледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-630/