О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

631-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация жасау ерекшеліктері

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Жаңа кодексте тікелей баламасы жоқ · толық сәйкестік кестесі
1. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация осы Кодекстің 630-бабының 2-тармағында аталған жеке тұлғалардың мыналардың болуы туралы ақпаратты көрсетуіне арналады:
1) құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлік: жылжымайтын мүлік, жер учаскелері және (немесе) жер үлестері, әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзетін кемелер, "өзен-теңізде" жүзетін кемелер; көлік құралдары, арнайы техника және (немесе) тіркемелер; Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде шетелдік банктердегі банктік шоттардағы барлық банктік салымдар бойынша жиынтығында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомадағы ақша. Бұл ретте "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашу және иелену, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді қабылдайтын адамдар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда банктік салым сомасына қарамастан, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы туралы ақпаратты көрсетеді;
2) Қазақстан Республикасындағы және (немесе) оның шегінен тыс жерлердегі мүлік: құрылысқа үлестік қатысу туралы шарт бойынша жылжымайтын мүлік құрылысындағы үлес; Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі; эмитенттері Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген бағалы қағаздар базалық активі болып табылатын туынды бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар, цифрлық активтер; инвестициялық алтын; зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері; шетелдік брокерлік шоттардағы ақша; республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсырылатын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшері шегінен аспайтын сомада көрсетілетін қолма-қол ақша; осы баптың 5-тармағында көрсетілген, басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешегі) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешегі);
3) осы баптың 4-тармағында көрсетілген өзге де мүлік.
2. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға қосымшалар салықтық бақылау мақсаттары үшін салық органдары пайдаланатын, осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәліметтер туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
3. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғалардың декларацияларын тапсыру міндеті жүктелген адамдар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға қосымшаларда мүлікті сенімгерлік басқаруға, трастқа беру туралы мәліметтерді де көрсетеді.
4. Жеке тұлға активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына не шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған, есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанында құны болған кезде құны бір бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын басқа мүлікті көрсетуге құқылы. Бұл ретте бағалау құны осы Кодекстің 632-бабында белгіленген декларацияны ұсыну мерзімінен кешіктірілмей айқындалуға тиіс. Осы тармақтың ережесі мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікке, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікке қатысты қолданылмайды.
5. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда декларация жасалған күнге:
1) жеке тұлғамен жасалған міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын нотариат куәландырған шарт (мәміле, келісім) болған кезде – жеке тұлғалар арасында түзілген басқа тұлғалардың жеке тұлғаға берешегі (дебиторлық берешек) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғаларға берешегі (кредиторлық берешек) көрсетіледі. Осы тармақшада көрсетілген берешекті декларацияны ұсынудың осы Кодекстің 632-бабында белгіленген мерзімінен кешіктірілмейтін мерзімде нотариат куәландыруға тиіс;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, микроқаржы ұйымдарына берешекті қоспағанда, салыстырып тексеру актісі және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт болған кезде – жеке тұлға мен заңды тұлға және (немесе) дара кәсіпкер, оның ішінде бейрезидент болып табылатын дара кәсіпкер арасында түзілген;
3) соттың заңды күшіне енген шешімімен расталған басқа тұлғалардың жеке тұлғаға берешегі (дебиторлық берешек) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғаларға берешегі (кредиторлық берешек) көрсетіледі. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынған кезде міндетті түрде қоса берілуге жатады. Қоса берілген құжаттармен расталмаған берешек нөлге тең деп есептеледі. Бұл ретте активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда берілген лицензия негізінде әрекет ететін «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушының қарыздық краудфандингтік платформасы пайдаланыла отырып жасалған шарт болған кезде дебиторлық және (немесе) кредиторлық берешек көрсетілмейді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-631/