О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

633-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларация

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Жаңа кодексте тікелей баламасы жоқ · толық сәйкестік кестесі
1. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының азаматтары, резидент – жеке тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияны есепті салықтық кезең ішінде мынадай талаптардың біріне сәйкес келген кезде ұсынады:
1) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар;
2) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес инвестициялық портфельді басқаратын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары, сондай-ақ олардың резидент ерлі-зайыптылар;
3) коммерциялық емес ұйымдардың құрылтайшыларын (қатысушыларын) қоспағанда, жарғылық капиталындағы үлестің (акционерлік қоғам акцияларының) 10 пайыздан астамын иеленетін заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың резидент ерлі-зайыптылар;
4) жеке практикамен айналысатын адамдар;
5) кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістерді қоспағанда, есепті салықтық кезеңде жеке тұлғаның өз бетінше салық салуына жататын кірісті алған тұлғалар;
6) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде орналасқан шетелдік банктердің банк шоттарында жиынтығында айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы бар тұлғалар;
7) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлкі бар тұлғалар;
8) есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншігінде цифрлық активтері бар тұлғалар;
9) Қазақстан Республикасында және (немесе) оның шегінен тыс жерлерде есепті салықтық кезең ішінде құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 20 000 еселенген мөлшерінен асатын мүлікті: мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті; мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді; заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін; бағалы қағаздарды; туынды қаржы құралдарын (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен жүргізілетін туынды қаржы құралдарын қоспағанда); тұрғын үй құрылысына қатысу үлесін; инвестициялық алтынды сатып алған тұлғалар;
10) салық агентіне өзге шегерімдердің алдын ала сомасы түрінде салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтініш ұсынған тұлғалар. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 6) – 8) тармақшаларының ережелері ағымдағы есепті кезеңде бір мезгілде осы Кодекстің 630-бабына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет туындаған тұлғаларға қолданылмайды.
2. Бейрезиденттер болып табылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар мынадай шарттардың бірі болған жағдайда:
1) есепті салықтық кезеңде Қазақстан Республикасындағы көздерден жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістерді алған;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру міндеті жүктелген адамдар болып табылса, кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсырады. Есепті салықтық кезеңде алынған, жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістерден жеке табыс салығын төлеу міндеттемесі туындаған жағдайда мұндай тұлғаның жеке табыс салығын төлеуі осы Кодекстің 641-бабының 2) тармақшасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
5. Осы баптың ережелері шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің қызметкерлері болып табылатын шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ олардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелеріне қолданылмайды.
6. Жеке тұлғаның осы Кодекстің 635-бабында белгіленген мерзімде кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсырмауы осындай жеке тұлғада: жеке тұлғаның дербес салық салуға жататын кірістердің; мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде сатып алу, иеліктен шығару, өтеусіз алу фактісінің болмағанын растау болып есептеледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-633/