О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

632-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру мерзімдері

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Активтер мен міндеттемелер туралы декларация декларацияны тапсыру бойынша міндеттеме туындаған ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей тұрғылықты (болу) жері бойынша тапсырылады.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру мерзімдері бөлігінде осы баптың бірінші бөлігінің ережелері: "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайланбалы лауазымдарға, мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар мен олардың жұбайлары; "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары болуға ниет білдірген тұлғалар ретінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыратын тұлғаларға қолданылмайды. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну мерзімі жергілікті әскери басқару органынан әскери қызмет өткеру орнына кету туралы бұйрық шығарылған күннен бастап мерзімді қызмет өткеру кезеңіне ұзарту туралы хабарлама салық органына жіберілмей ұзартылады. Мерзімді қызметтегі әскери қызметші мәртебесін жоғалтқан кезде әскери қызметшіні әскери бөлімнің жеке құрамының тізімдерінен шығару туралы бұйрықтың негізінде жеке тұлға ұсыну мерзімі ұзартылған жеке тұлғаның декларациясын әскери бөлімнің тізімдерінен шығару туралы бұйрық шығарылған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей ұсынады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-632/