Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
638-1-бап. Бақыланатын шетелдік компанияның салығын есепке жатқызу
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте:
Статья 414. Зачет налога контролируемой иностранной компании
сәйкестік: жоғары
· толық сәйкестік кестесі
1. Жеке табыс салығы мынадай тәртіптің бірімен айқындалатын шамаға азаяды:
1) дивидендтер түріндегі кірістерден Қазақстан Республикасында төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын қоспағанда, осы Кодекстің 340-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында есепті немесе алдыңғы салықтық кезеңде салық салуға жататын (салық салынған), бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына енгізілген, бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін кірісінен немесе салық салынатын кірісінен салықтық кезеңде Қазақстан Республикасында төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы. Осы тармақшаның ережесі 10 пайыздан кем мөлшерлемені қолдана отырып есептелген, төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасына және егер резидент осы Кодекстің 638-бабы 2-тармағының ережелерін қолданбаған жағдайда қолданылады;
2) шама мынадай тәртіппен айқындалады:
Сш = К х (Мк-Мт) / 100%, мұнда:
Сш – осы тармақшаға сәйкес шегеруге жататын салық;
К – дивидендтер түріндегі кірістерді қоспағанда, бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын кірісі немесе салық салынатын кірісі;
Мк – Қазақстан Республикасында бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын кірісінен немесе салық салынатын кірісінен 10 пайыздан кем мөлшерлеме бойынша ұсталған корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі (бұдан әрі – корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі);
Мт – осы Кодекстің 638-бабының 2-тармағына сәйкес есепке жатқызылған немесе есепке жатқызылуға жататын пайдаға салынатын шетелдік салық есептелген, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын кірісті немесе салық салынатын кірісті қамтитын, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан шет мемлекетте төленген, Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығына ұқсас, пайдаға салынатын шетелдік салықтың немесе өзге де шетелдік салықтың тиімді мөлшерлемесі (бұдан әрі – пайдаға салынатын шетелдік салықтың тиімді мөлшерлемесі).
Осы тармақшаның ережесі, егер резидент осы Кодекстің 638-бабы 2-тармағының ережелерін қолданса және корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі пайдаға салынатын шетелдік салықтың тиімді мөлшерлемесінен артық болса, пайдаланылады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) немесе 2) тармақшасының ережелері резидент – жеке тұлғада мынадай:
резиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған бақыланатын шетелдік компанияның кірісінен немесе салық салынатын кірісінен төлем көзінен корпоративтік табыс салығын ұстап қалуын және Қазақстан Республикасының бюджетіне аударуын растайтын құжаттардың;
Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын кірісті немесе салық салынатын кірісті Қазақстан Республикасында салық салуға жататын (салық салынған) бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына енгізілгенін растайтын, шет тілінде (міндетті түрде қазақ немесе орыс тіліне аудармасымен) жасалған ішкі құжаттың (құжаттардың);
осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасын қолданған кезде осы Кодекстің 303-бабы 4-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың көшірмелері болған кезде қолданылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-638-1/