НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

414-бап. Бақыланатын шетелдік компанияның салығын есепке жатқызу

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Жеке табыс салығы мынадай тәртіптердің бірімен айқындалатын шамаға азайтылады:
1) дивидендтер түріндегі кірістерден Қазақстан Республикасындағы төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын қоспағанда, осы Кодекстің 399-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында есепті немесе алдыңғы салықтық кезеңде салық салуға жататын (салық салынатын) бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына енгізілген, салықтық кезеңде бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірісінен немесе салық салынатын кірісінен Қазақстан Республикасында төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы. Осы тармақшаның ережесі 10 пайыздан кем құрайтын мөлшерлемені қолдана отырып есептелген төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасына және егер резидент осы Кодекстің 413-бабы 2-тармағының ережелерін қолданбаса, пайдаланылады;
2) мынадай тәртіппен айқындалатын шама: Сш = К х(Км-Тм) / 100%, мұнда: Сш – осы тармақшаға сәйкес шегеруге жататын салық; К – дивидендтер түріндегі кірістерді қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы көздерден бақыланатын шетелдік компания алған кіріс немесе салық салынатын кіріс; Км – бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірісінен немесе салық салынатын кірісінен 10 пайыздан кем құрайтын мөлшерлеме бойынша Қазақстан Республикасында ұсталған корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі (бұдан әрі – корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі); Мт – осы Кодекстің 413-бабының 2-тармағына сәйкес есепке жатқызылған немесе есепке жатқызылуға жататын пайдаға салынатын шетелдік салық есептелген, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын кірісті немесе салық салынатын кірісті қамтитын, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан шет мемлекетте төленген, Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығына ұқсас пайдаға салынатын шетелдік салықтың немесе өзге де шетелдік салықтың тиімді мөлшерлемесі (бұдан әрі – пайдаға салынатын шетелдік салықтың тиімді мөлшерлемесі). Егер резидент осы Кодекстің 413-бабы 2-тармағының ережелерін қолданса және егер корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі пайдаға салынатын шетелдік табыс салығының тиімді мөлшерлемесінен артық болса, осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережесі пайдаланылады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) немесе 2) тармақшасының ережелері резидент-жеке тұлғада мынадай: резиденттің бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірісінен немесе салық салынатын кірісінен төлем көзінен корпоративтік табыс салығы ұстап қалынғанын және Қазақстан Республикасының бюджетіне аударылғанын растайтын; Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын кірістің немесе салық салынатын кірістің бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасында салық салуға жататын (салық салынатын) қаржылық пайдасына енгізілгенін растайтын, шет тілінде (міндетті түрде қазақ немесе орыс тіліне аударыла отырып) жасалған ішкі құжаттың (құжаттардың); осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасын қолданған кезде осы Кодекстің 346-бабы 4-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың көшірмелері болған кезде қолданылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-414/