О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

663-бап. Шығыстарды пропорционалды бөлу әдісі

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

1. Пропорционалды бөлу әдісін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме шегерімге жатқызатын бейрезидент-заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарының сомасы бейрезидент-заңды тұлғаның бөлінетін шығыстары мен есептік көрсеткіш сомаларының көбейтіндісі ретінде айқындалады.
2. Есептік көрсеткіш бейрезидент-заңды тұлғаның таңдауы бойынша мына тәсілдердің біреуі:
1) бейрезидент-заңды тұлғаның есепті салықтық кезеңде Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан алған, осы Кодекстің 651-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын жылдық жиынтық кірісі сомасының бейрезидент-заңды тұлғаның көрсетілген салықтық кезеңдегі жылдық жиынтық кірісінің жалпы сомасына арақатынасы;
2) орташа шаманы (ОШ) үш көрсеткіш бойынша анықтау: бейрезидент-заңды тұлғаның есепті салықтық кезеңде Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан алған, осы Кодекстің 651-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын жылдық жиынтық кірісі сомасының бейрезидент-заңды тұлғаның көрсетілген салықтық кезеңдегі жылдық жиынтық кірісінің жалпы сомасына арақатынасы (К); Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің есепті салықтық кезеңнің соңындағы жай-күйі бойынша қаржылық есептілігінде ескерілген негізгі құралдарының бастапқы (ағымдағы) құнының бейрезидент-заңды тұлғаның осындай салықтық кезеңдегі негізгі құралдарының жалпы бастапқы (ағымдағы) құнына арақатынасы (НҚ); Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеде жұмыс істейтін персоналдың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі есепті салықтық кезеңнің соңындағы жай-күйі бойынша шығыстар сомасының бейрезидент-заңды тұлға тұтас алғанда осындай салықтық кезеңдегі персоналдың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстардың жалпы сомасына арақатынасы бойынша есептеп шығарылады (ЕТ). Орташа шама мынадай формула бойынша айқындалады: ОШ = (К + НҚ + ЕТ)/3.
3. Пропорционалды бөлу әдісін пайдалану кезінде бейрезидент-заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарының сомасы Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме халықаралық шарттың талаптары сақталған жағдайда және онда мынадай растайтын құжаттар:
1) Қазақстан Республикасындағы бейрезиденттің тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігінің көшірмелері;
2) бейрезидент-заңды тұлғаның өзі құрылған және (немесе) осындай заңды тұлға резиденті болып табылатын мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған, бейрезидент-заңды тұлғаның атауы жазылған, мөрімен (ол болған кезде), сондай-ақ басшының қолтаңбасымен куәландырылған қаржылық есептілігінің көшірмелері болған кезде ғана шегерімге жатқызады. Бұл ретте осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қаржылық есептілікте: басқару және жалпы әкімшілік шығыстар сомасы; жиынтық жылдық кіріс сомасы; персоналдың еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстар сомасы; негізгі құралдардың бастапқы (ағымдағы) және баланстық құны жеке жолмен бөлек көрсетілуге тиіс;
3) осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген қаржылық есептілікте көрсетілген басқару және жалпы әкімшілік шығыстарының сомасын: шығыстардың түрлері бойынша бейрезидент-заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын; Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің басқару және жалпы әкімшілік шығыстарын бөлек көрсете отырып таратып жазу;
4) бейрезидент-заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің аудиті бойынша аудиторлық есептің көшірмесі (осындай қаржылық есептіліктің аудиті жүзеге асырылған кезде) болған кезде ғана шегерімге жатқызылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-663/