Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
671-бап. Бейрезидент-жеке тұлғаның салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан алған кірістерін салық салудан босатуға қатысты халықаралық шартты қолдану тәртібі
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте:
Статья 706. Порядок применения международного договора
сәйкестік: орташа
· толық сәйкестік кестесі
1.
Егер бейрезидент-жеке тұлға кірісті түпкілікті алушы және халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылса, бейрезидент-жеке тұлғаның халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан алған кірістерін салық салудан босатуды қолдануға құқығы бар.
Салық салудан босату бөлігінде халықаралық шарт бейрезидентте жеке табыс салығы бойынша декларация тапсырған күнге оның резиденттігін растайтын құжат болған кезде қолданылады.
Бейрезидент-жеке тұлға резиденттікті растайтын құжатты жеке табыс салығы бойынша декларацияны берген кезде өзі болатын (тұрғылықты) жердегі салық органына тапсырады.
2. Бейрезидент-жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру кезінде резиденттікті растайтын құжаты болмаған кезде осы Кодекстің 658-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде бюджетке табыс салығын төлеуді жүргізуге міндетті.
Бұл ретте бейрезидент-жеке тұлғаның осы Кодекстің 672, 673 және
674-баптарында айқындалған тәртіппен төленген табыс салығын бюджеттен қайтарып алуға құқығы бар.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-671/