Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
706-бап. Бейрезиденттiң Қазақстан Республикасындағы
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 661. Порядок применения международного договора
· толық сәйкестік кестесі
Бұрынғы кодексте:
Статья 666. Порядок применения международного договора в
· толық сәйкестік кестесі
Бұрынғы кодексте:
Статья 667. Порядок применения международного договора в
· толық сәйкестік кестесі
Бұрынғы кодексте:
Статья 668. Порядок применения международного договора в
· толық сәйкестік кестесі
Бұрынғы кодексте:
Статья 669. Порядок применения международного договора в
· толық сәйкестік кестесі
көздерден алынған дивидендтер, сыйақылар және
(немесе) роялти түріндегі кірістеріне қатысты
халықаралық шартты қолдану тәртiбі
1. Егер халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, бейрезидентке дивидендтер, сыйақылар және (немесе) роялти түріндегі кірістерді төлеу кезінде немесе бейрезиденттің сыйақылар және (немесе) роялти түріндегі төленбеген кірістерді шегерімге жатқызу кезінде салық агенті мынадай шарттар сақталған кезде:
1) бейрезиденттің резиденттік мемлекетімен халықаралық шарт жасалса және ол ратификацияланса;
2) бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат осы Кодекстің 705-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде ұсынылса, халықаралық шарттың ережелерін дербес қолдануға құқылы.
Бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат осы Кодекстің 702-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс;
3) төленген кірістер бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесінің қызметімен байланысты болмаса;
4) бейрезидент түпкілікті кіріс алушы болып табылмаса, халықаралық шарттың ережелерін дербес қолдануға құқылы.
Осы бөлімнің мақсаттарында кірістерді иеленуге, пайдалануға, оларға билік етуге құқығы бар және мұндай кіріске қатысты делдалды, оның ішінде агентті, номиналды ұстаушы болып табылмайтын тұлғаны (нақты иеленушіні) түпкілікті кірістерді алушы деп түсінген жөн.
2. Түпкілікті кіріс алушыға делдал арқылы сыйақы түріндегі кірісті төлеу кезінде салық агенті бір мезгілде мынадай шарттар орындалған кезде:
1) сыйақы соның негізінде төленетін шартта (келісімшартта) мыналар:
делдалдың атауы, делдалға төленетін төлемдер мен сыйақылардың сомалары және делдал арқылы әрбір түпкілікті сыйақы алушы бойынша сыйақылардың сомалары;
делдалдың және осындай тұлғаның деректері (жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атаулары);
инкорпорация еліндегі салықтық тіркелу нөмірі немесе оның аналогы (ол болған кезде);
инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелу нөмірі (немесе оның аналогы) көрсетілсе;
2) осы Кодекстің 705-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде түпкілікті алушының резиденттігін растайтын құжат ұсынылса, осындай түпкілікті алушы резиденті болып табылатын мемлекетпен жасалған халықаралық шартта көзделген табыс салығынан босатуға немесе оның төмендетілген мөлшерлемесін қолдануға құқылы.
Түпкілікті алушының резиденттігін растайтын құжат осы Кодекстің 702-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
3. Салық агенті тұрған жеріндегі салық органына төртінші тоқсан үшін салықтық есептілікті ұсыну үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей түпкілікті алушының резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынуға міндетті.
4. Салық агенті халықаралық шарттың ережелерін қолданбаған жағдайда салық агенті осы Кодекстің 683 және 684-баптарында көзделген тәртіппен және мерзімдерде төлем көзінен табыс салығын ұстауға және аударуға міндетті.
5. Салық агенті бейрезидент-түпкілікті кіріс алушы төлем көзінен ұсталған табыс салығын бюджетке аударған жағдайда оның халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес төлем көзінен артық ұсталған табыс салығын осындай бейрезидентке қайтаруға құқығы бар.
Артық ұсталған табыс салығын бейрезидентке қайтаруды салық агенті жүргізеді.
Бұл ретте бейрезидент-түпкілікті кіріс алушы салық агентіне:
1) мыналар:
мұндай тұлғаның деректері (жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атаулары) көрсетіле отырып, осындай бейрезиденттің сыйақы сомасы;
инкорпорация еліндегі салықтық тіркелу нөмірі (немесе оның аналогы) ол болған кезде;
инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелу нөмірі (немесе оның аналогы) көрсетілген, делдалмен жасасқан шарттың (келісімшарттың) нотариат куәландырған көшірмесін;
2) осындай бейрезидентке сыйақы түріндегі кіріс есепке жазылған кезең үшін бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатты ұсынуға міндетті.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды, егер халықаралық шартта өзге мерзімдер белгіленбесе, бейрезидент бюджетке төлем көзінен ұсталған табыс салығын соңғы аудару күнінен бастап талап қоюдың ескіру мерзімі өткенге дейін ұсынады.
6. Осы баптың 5-тармағына сәйкес бейрезидентке ұсталған табыс салығы қайтарылған жағдайда салық агенті өзінің тұрған жеріндегі салық органына бейрезидент-түпкілікті кіріс алушының сыйақы түріндегі кірістерінен табыс салығын ұстау және аудару жүргізілген салықтық кезеңге төмендетілген салық мөлшерлемесін немесе салық салудан босату қолданылған кездегі азайтылған сомаға төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша қосымша есеп-қисапты ұсынуға құқылы.
Көрсетілген жағдайда төлем көзінен ұсталған табыс салығының артық төленген сомасын салық агентіне есепке жатқызу осы Кодексте айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-706/