Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
68-бап. Салықтық әкімшілендіру
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте тікелей баламасы жоқ
· толық сәйкестік кестесі
1. Салықтық әкімшілендіру салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді жинау бойынша салық органдары және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асыратын, оның ішінде салықтық бақылауды жүзеге асыруды, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер және салықтық әкімшілендірудің осы Кодексте белгіленген өзге де нысандарын көрсетуді білдіретін шаралар мен тәсілдер жүйесі (жиынтығы) болып табылады.
1-1. Салықтың әкімшілендіруді жаңғырту және жетілдіру мақсатында салық органдары салықтық әкімшілендірудің және салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерді орындауының өзге тәртібін көздейтін пилоттық жобаларды іске асыруды (ендіруді) жүзеге асыруға құқылы.
Бұл ретте пилоттық жоба қолданылатын салық төлеушілердің санаттарын, салық төлеушілердің, салық органдары мен өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін, пилоттық жобаларды іске асыру (ендіру) жүзеге асырылатын аумақты (учаскені) және (немесе) өңірді, пилоттық жобаларды іске асыру (ендіру) қағидалары мен мерзімдерін уәкілетті орган айқындайды.
1-2. Салықтық әкімшілендіру кезінде салық органдары салық органдарының ақпараттық жүйелерінде биометриялық сәйкестендіру құралын қолдануға құқылы.
Салық органдарының ақпараттық жүйелерінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
2. Салықтық әкімшілендіру:
1) заңдылық;
2) салық төлеуші мен салық органдары арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру;
3) тәуекелдерді бағалауға негізделген салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру кезіндегі сараланған тәсіл қағидаттарына негізделеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-68/