О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

69-бап. Салықтық бақылау

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Жаңа кодексте тікелей баламасы жоқ · толық сәйкестік кестесі
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуына салық органдары жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау салықтық бақылау болып табылады.
2. Салықтық бақылау:
1) салықтық тексеру нысанында;
2) мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.
3. Салықтық бақылаудың осы нысандары шеңберінде:
1) салықтық міндеттеменің, әлеуметтік төлемдерді есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндеттердің орындалуын есепке алу;
2) бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібінің сақталуын бақылау;
3) акцизделетін тауарларды, сондай-ақ авиациялық отынды, биоотынды және мазутты бақылау;
4) трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау;
5) мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын бақылау;
6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындауға бағытталған функцияларды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындау бөлігінде уәкілетті мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін бақылау;
7) тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу тәртібінің сақталуын бақылау жүзеге асырылады.
8) құзыреттер шегінде таңбалауға және қадағалануға жататын тауарлардың айналымын бақылау жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары шеңберінде:
1) салық төлеушілерді салық органдарында тіркеу;
2) салықтық нысандарды қабылдау;
3) камералдық бақылау;
4) салықтық мониторинг;
5) салықтық зерттеп-қарау;
6) этил спиртін өндіруді жүзеге асыратын ұйымдарда этил спиртінің есепке алынуын бақылау;
7) 01.01.2019 дейiн қолданыста болды - ҚР 25.12.2017 № 121-VІ Заңымен.
8) тауарлардың айналымын қадағалап отыру жүзеге асырылады.
5. Уәкілетті орган арнаулы мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарымен, құқық қорғау органдарымен бірлесіп камералдық бақылау, салықтық тексеру жүргізудің ерекше тәртібін және өздеріне қатысты осындай тексеру жүргізілетін тұлғалар тізбесін айқындайды.
6. Салықтық тексеру жүргізудің жалпы тәртібі осы Кодексте, сондай-ақ осы Кодекспен реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалады.
7. Салықтық тексеруді жүргізу тәртібі мен мерзімдерінің ерекшеліктері осы Кодексте айқындалады.
8. Кеден органдары өз құзыреті шегінде осы Кодекске, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлардың өткізілуiмен байланысты салықтық бақылауды жүзеге асырады, мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін және төленуге салықтар бойынша мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-69/