Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
688-бап. Оңайлатылған декларацияны тапсыру мен салықтарды төлеу мерзімдері
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте:
Статья 6. Понятия, связанные с порядком исчисления,
сәйкестік: орташа
· толық сәйкестік кестесі
1. Оңайлатылған декларация салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей тапсырылады.
2. Оңайлатылған декларацияда көрсетілген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпоративтік) табыс салығы мен әлеуметтiк салық түрiнде есепті салықтық кезеңнен кейiнгi екінші айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүргiзiледi.
Бұл ретте жеке (корпоративтік) табыс салығы – оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерiнде, әлеуметтiк салық
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және осы Кодекстің 89-1-тарауына сәйкес есептелген Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомасын немесе бірыңғай төлемдегі әлеуметтік аударымдардың үлесіне тура келетін әлеуметтік аударымдардың сомасын шегергендегі оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерiнде төленуге жатады.
Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.
3. Оңайлатылған декларацияда төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығының, әлеуметтік төлемдердің және (немесе) бірыңғай
төлемнің
бюджетке төленуге жататын сомалары көрсетіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-688/