О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

689-бап. Жекелеген салық түрлерін, әлеуметтік төлемдерді және бірыңғай төлемді есептеу, төлеу және олар бойынша салықтық есептілікті ұсыну

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Оңайлатылған декларацияның негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығының сомаларын есептеуді, төлеуді және әлеуметтік төлемдерді аударуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен және (немесе) осы Кодекстің 89-1-тарауында көзделген тәртіппен жүргізеді. Бұл ретте төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығының , әлеуметтік төлемдердің және (немесе) бірыңғай төлемнің есептелген сомалары осы Кодекстің 688-бабында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде тапсырылатын оңайлатылған декларацияда көрсетіледі.
4-параграф. Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимі
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-689/