Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
720-бап. Осы бөлімде реттелетін қатынастар
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте:
Статья 753. Отношения, регулируемые настоящим разделом
сәйкестік: орташа
· толық сәйкестік кестесі
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың шеңберінде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодексте белгіленген барлық салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді төлейді.
2. Осы бөлім жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары бойынша салықтық міндеттемелерді орындау тәртібін,
сондай-ақ өнімді бөлу туралы келісімнің (келісімшарттың) шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салықтық міндеттемелерді орындау ерекшеліктерін белгiлейдi.
3. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары:
1) қол қою бонусын;
2) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді;
3) жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты;
4) роялтиді;
5) Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесін;
6) пайдалы қазбаларды өндiру салығын;
7) үстеме пайда салығын қамтиды.
4. Көмірсутек кен орнын (кен орындарының
тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, тұтқырлығы жоғары, су басқан,
дебиті аз және игерілген санаттарға жатқызу тәртібін, олардың тізбесін және
пайдалы қазбаларды өндіру салығы бөлігінде салық салу тәртібін Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындайды.
Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен
орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен
орындарының тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа
жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ рентабельділік деңгейін және
рентабельділіктің ішкі нормасының деңгейін айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының
Үкіметі айқындайды.
5. Толығымен Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан жер қойнауы учаскесінде (учаскелерінде) және (немесе) тау-кендік бөлуде немесе тау-кендік бөлу болмаған кезде көмірсутектерді өндіруге немесе барлау мен өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген көмірсутектер кенжатындарының жоғарғы нүктесінің тереңдігі 4500 метрден жоғары емес және тау-кендік бөлуде немесе тау-кендік бөлу болмаған кезде көмірсутектерді өндіруге немесе барлау мен өндіруге арналған келісімшартта көрсетілген көмірсутектер кенжатындарының төменгі нүктесінің тереңдігі 5000 метр және одан төмен жер қойнауы учаскелерінде көмірсутектерді өндіруге немесе барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салықтық міндеттемелерді орындау тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің, пайдалы қазбаларды өндiру салығының және үстеме пайда салығының орнына жер қойнауын пайдалануға баламалы салықты есептеу және төлеу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-720/