О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

732-бап. Төлеушілер

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Жаңа кодексте: Статья 773. Плательщики орналасуы бойынша · толық сәйкестік кестесі
Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасқанға дейін келісімшарт аумағын (жер қойнауы учаскесін) геологиялық зерделеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шығын шеккен пайдалы қазбалардың кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді төлеушілер болып табылады.
2. Пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия шеңберінде қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы бір мезгілде мынадай талаптар сақталған кезде: пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылар туралы заңнамасына сәйкес 2017 жылғы 31 желтоқсаннан кейін берілсе; пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия берілген аумақ Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылар туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген аумаққа жатпайтын болса, тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді төлеуші болып табылмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-732/