О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

733-бап. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді белгілеу тәртібі

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

1. Келісімшарт аумағын (жер қойнауы учаскесін) геологиялық зерделеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындар сомасын осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен есептейді және аталған сома бюджетке:
1) мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты сатып алу төлемақысын шегергенде, құпиялылық туралы келісімде белгіленген мөлшердегі тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем түрінде;
2) мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты сатып алу үшін құпиялылық туралы келісімде белгіленген мөлшердегі төлемақы түрінде төлеуге жатады.
2. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі міндеттеме – жер қойнауын пайдаланушы мен жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган арасындағы құпиялылық туралы келісім жасалған күннен бастап, ал 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша құпиялылық туралы тиісті келісімдер жасалмаған, бірақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың талаптары бойынша жасалуға тиіс, өнімді бөлу туралы келісімді қоса алғанда, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша – тарихи шығындардың мөлшерін айқындайтын жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен құпиялылық туралы келісім жасалған күннен бастап туындайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-733/