Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
76-бап. Бейрезидентті салық төлеушi ретінде тiркеу ерекшеліктері
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте:
Статья 94. Общие положения по налоговой регистрации
сәйкестік: орташа
· толық сәйкестік кестесі
1. Филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға осы Кодекстің 220-бабының ережелерін ескере отырып, салық төлеуші ретінде тіркелу үшін қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыра бастаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тұрақты мекеменің орналасқан жеріндегі салық органына мынадай:
1) құрылтай құжаттарының;
2) мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын;
3) осындай құжат болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін
растайтын;
4) бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтер қамтылатын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті беруге міндетті.
2. Тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға Қазақстан Республикасын тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) деп тану туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде орналасқан жеріндегі салық органына мынадай:
1) құрылтай құжаттарының;
2) мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын;
3) осындай құжат болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің ол болған кезде инкорпорация елiндегi немесе резиденттік еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың;
4) директорлар кеңесі жиналысының немесе осыған ұқсас басқару органының хаттамасының;
5) бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтер қамтылатын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті беруге міндетті.
3. Тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға орналасқан жері бойынша есепке қою туралы салықтық өтінішті ұсынған және оның Қазақстан Республикасында филиал (өкілдік) ашпай, тұрақты мекемесі бар болған жағдайда, мұндай тұрақты мекеме осы Кодекстің 63-бабында айқындалған тәртіппен осы заңды тұлғаға өзінің құқықтары мен міндеттерін беруге міндетті.
Заңды тұлға тиімді басқару орнын (нақты басқару органының орналасқан жерін) Қазақстан Республикасына көшіру туралы шешім қабылдаған және оның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме ретінде тіркелген филиалы (өкілдігі) бар болған жағдайда, мұндай филиалдың (өкілдіктің) тіркеу деректері осы Кодекстің 77-бабында айқындалған тәртіппен өзгертілуге жатады.
4. Осы Кодекстің 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын немесе осы Кодекстің 650-бабының 11-тармағына сәйкес табыс салығын есептейтін, Қазақстан Республикасында мүлікті сатып алатын (өткізетін)
бейрезидент-заңды тұлға мүлік сатып алғанға (өткізгенге) дейін салық төлеуші ретінде тіркелу үшін мүліктің орналасқан жеріндегі салық органына мынадай:
1) бейрезидент-заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының;
2) бейрезидент-заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын;
3) осындай құжат болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынуға міндетті.
5. Қызметі осы Кодекстің 220-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес бейрезиденттің тұрақты мекемесі ретінде қаралатын сақтандыру ұйымы (сақтандыру брокері) немесе тәуелді агент, осындай бейрезидентті салық төлеуші ретінде тіркеу үшін осы Кодекстің 220-бабының 10-тармағына сәйкес айқындалған, қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде орналасқан жеріндегі салық органына мынадай:
1) бейрезиденттің атынан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, келісімшарттарға қол қоюға өкілеттіктер беруге немесе өзге мақсаттарға арналған шарттың (келісімнің, келісімшарттың немесе өзге де құжаттың) бар болған жағдайда;
2) өзі тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезидент-заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының;
3) бейрезидент-заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, өзі тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезиденттiң инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттың;
4) бейрезидентте болған кезінде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, өзі тұрақты мекемесі болып табылатын бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттың;
5) бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтер қамтылатын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынуға міндетті.
6. Қызметі тұрақты мекеме құруға алып келетін резидентпен жасасылған бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы –
бейрезидент-заңды тұлға салық төлеуші ретінде тіркелу үшін осы Кодекстің 220-бабының 10-тармағына сәйкес айқындалған, қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бірлескен қызмет туралы шартқа
қатысушы – резиденттің орналасқан (тұрғылықты, болатын) жеріндегі салық органына мынадай:
1) бірлескен қызмет туралы шарттың;
2) бейрезидент-заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының;
3) мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттың;
4) ол болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын құжаттардың;
5) бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтер қамтылатын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынуға міндетті.
7. Резидент-банктерде ағымдағы
шоттар ашатын бейрезидент-заңды тұлға шот ашқанға дейін салық төлеуші ретінде тіркелуге міндетті. Салық төлеуші ретінде тіркелу үшін осындай бейрезидент банктің орналасқан жеріндегі салық органына осы баптың 2-тармағында белгіленген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-76/