Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
94-бап. Салықтық тіркеу жөніндегі жалпы ережелер
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 57. Общие положения
· толық сәйкестік кестесі
Бұрынғы кодексте:
Статья 74. Общие положения
· толық сәйкестік кестесі
Бұрынғы кодексте:
Статья 76. Особенности регистрации нерезидента в качестве
· толық сәйкестік кестесі
1. Қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компанияларды қоспағанда, салық төлеушілерді салықтық тіркеу салық төлеушілердің базасын қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады.
Қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компаниялар осы Кодекстің 102-бабына сәйкес жүзеге асырылатын қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу есебіне шартты түрде қоюға жатады.
2. Салық төлеушілер базасын қалыптастыру:
1) жеке тұлғаны, оның ішінде
шетел
азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды, резидент-заңды тұлғаны, сондай-ақ осындай тұлғаның құрылымдық бөлімшесін, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін тіркеуден;
2) мыналарды:
бейрезидент-заңды тұлғаны, дипломатиялық өкілдікті (бұдан әрі осы тараудың мақсаттары үшін – бейрезидент-заңды тұлға);
дара кәсіпкерді;
жеке практикамен айналысатын адамды;
тіркеу есебіне шартты түрде қоюға жататындарды қоспағанда, қосылған құн салығын төлеушіні;
жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебінен тұрады.
3. Салық төлеушiлер базасы салық төлеушiлер туралы мәлiметтердi енгiзу және алып тастау, мұндай мәлiметтерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу, сондай-ақ тiркеу есебiне қою және осындай есептен шығару арқылы қалыптастырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген әрекеттерді салық органы уәкілетті мемлекеттік органдардың, резидент-банктердің нөмірлер тізілімдерінің мәліметтері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген салық төлеушінің салықтық өтініші немесе хабарламасы негізінде жүргізеді.
4. Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, салық органының тіркеу есебінен шығаруы мынадай:
1) жеке тұлғаның қайтыс болуы немесе оны қайтыс болған деп жариялау;
2) орындалмаған салықтық міндеттемелер не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер болмаған жағдайда жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тұрақты тұруға кетуі және оның азаматтығын тоқтату;
3)
шетел
азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасындағы қызметін тоқтатуы;
4) резидент-заңды тұлғаларды, олардың құрылымдық бөлімшелерін нөмірлер тізілімінен алып тастау немесе бейрезидент-заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерін есептік тіркеуден шығару;
5) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тиімді басқару орнын (нақты басқару органының тұрған жерін) өзгерту негіздері бойынша жүргізіледі.
5. Салық органы осы Кодексте көзделген жағдайларда салық органының шешімі негізінде жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні шығарып тастайды.
Салық органының шешімі бойынша тіркеу есебінен шығарылған жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші туралы ақпарат шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.
6. Салық органы мониторинг жүргізу арқылы осы тарау талаптарының сақталуын тексереді.
7. Салық төлеушілерді салықтық тіркеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-94/