О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

776-3-бап. Бірыңғай төлемнің мөлшерлемесі және ондағы төлем көзінен салық салынатын кірістерден алынатын жеке табыс салығының үлесі

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

1. Салық салу объектісіне қолданылатын бірыңғай төлем мөлшерлемесі: 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 20,0 пайызды; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 21,5 пайызды; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 23,8 пайызды; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 24,8 пайызды; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 25,8 пайызды; 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 26,3 пайызды құрайды. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдерді (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда) төлеуден босатылған жұмыскерлер үшін, сондай-ақ «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 1-тармағының 1), 7), 8), 9), 11), 12) және 13) тармақшаларына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарналарды мемлекет төлейтін жұмыскерлер үшін бірыңғай төлемнің мөлшерлемесі әлеуметтік төлемдердің (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын қоспағанда) тиісті үлесіне төмендетіледі.
2. Бірыңғай төлем төлеушінің жеке табыс салығының бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі үлесі: 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 9,0 пайызды; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 8,4 пайызды; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 7,6 пайызды; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 7,3 пайызды; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 7,0 пайызды; 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 6,9 пайызды құрайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-776-3/