Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
779-бап. Жалпы ережелер
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
1. Мыналар:
тауарлармен электрондық
сауда жүзеге асырылатын интернет-алаң арқылы;
электрондық нысанда
қызметтер көрсететін шетелдік компания қосылған құн салығын төлеуші деп танылады.
Осы тармақтың мақсатында
осы Кодекстің 82 және 83-баптарына сәйкес қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне
қою жүргізілген тұлға шетелдік компанияға жатпайды.
2. Қосылған құн салығын
төлеуші жеке тұлғаларға тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыру, электрондық
нысанда қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығын, егер мынадай шарттардың
бірі орындалса:
сатып алушы-жеке тұлғаның
тұрғылықты жері Қазақстан Республикасы болып табылса;
Қазақстан Республикасының
аумағы сатып алушы-жеке тұлға көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін пайдаланатын
банктік шот ашылған банктің немесе ол арқылы сатып алушы-жеке тұлға көрсетілетін
қызметтерге ақы төлеуді жүзеге асыратын электрондық ақша операторының тұрған жері
болып табылса;
көрсетілетін қызметтерді
сатып алу кезінде пайдаланылған сатып алушы-жеке тұлғаның желілік мекенжайы Қазақстан
Республикасында тіркелсе;
көрсетілетін қызметтерді
сатып алу немесе оларға ақы төлеу үшін пайдаланылатын телефон нөмірі (оның ішінде
мобильді телефон нөмірі) елінің халықаралық кодын Қазақстан Республикасы берсе,
осы бөлімде белгіленген тәртіппен есептейді.
3. Жеке тұлғаларға электрондық
нысанда өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер бойынша қосылған құн салығын
төлеушінің шот-фактураларды жазып беруі талап етілмейді.
4. Жеке тұлғаларға тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығы мынадай жағдайларда:
1) кедендік баждар, салықтар жиынтық кедендік төлем түрінде Қазақстан Республикасында төленген және қайтаруға жатпайтын, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын құндық және (немесе) салмақтық нормадан асып кетуі бөлігінде;
2) егер мұндай тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің құны Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және осы Кодекстің 50-тарауына сәйкес қайтаруға жатпайтын, осы Кодекстің 444-бабына сәйкес айқындалатын салық салынатын импорт мөлшеріне енгізілсе, есептелуге және төленуге жатпайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-779/