Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
780-бап. Жеке тұлғаларға тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығын есептеу мен төлеу тәртібі
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
1. Жеке тұлғаларға тауарлармен
электрондық сауданы жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде
қосылған құн салығы электрондық нысанда өткізілген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің
құнына осы Кодекстің 422-бабының 1-тармағында белгіленген салық мөлшерлемесін қолдану
арқылы есептеледі.
Жеке тұлғаларға электрондық
нысанда өткізілген тауарлардың, көрсетілген қызметтердің шетел валютасындағы құны
салық төлеу күнінің
алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған
валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, теңгемен қайта есептеледі.
Шетелдік компания жеке
тұлғаларға тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер
көрсету кезінде есептелген қосылған құн салығын бюджетке әрбір тоқсан үшін тауарларды
өткізу, қызметтерді көрсету жүзеге асырылған тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-інен
кешіктірмей төлеуге міндетті.
2. Осы бөлімнің мақсаттары үшін тауарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алушының төлемді жүзеге асыру күні жеке тұлғаларға тауарлардың электрондық саудасы және (немесе) электрондық нысанда қызметтер көрсету бойынша айналым жасау күні болып табылады.
3. Қосылған құн салығының төленген сомалары осы бапқа сәйкес қайтарылуға жатпайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-780/