О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

98-бап. Салықтар және бюджетке төленетiн төлемдер, әлеуметтiк төлемдер бойынша есеп-қисаптарды салыстырып тексеру жүргiзу

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Жаңа кодексте тікелей баламасы жоқ · толық сәйкестік кестесі
1.  Салық төлеушінің (салық агентінің) талап етуі бойынша салық органы бір жұмыс күні ішінде салықтар және бюджетке төленетін төлемдер, әлеуметтік төлемдер бойынша есеп-қисаптарды салыстырып тексеру жүргізеді.
2. Салық төлеушінің (салық агентінің) деректері мен салық органы деректерінің арасында алшақтықтар болған жағдайда, алшақтықтар анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық органы мен салық төлеуші (салық агенті) туындаған алшақтықтарды жою бойынша шаралар қабылдайды. Қажет болған жағдайда салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотына түзетулер енгізіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-98/