Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
97-бап. Жалпы ережелер
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте:
Статья 110. Общие положения по применению
сәйкестік: орташа
· толық сәйкестік кестесі
1. Салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің, айыппұлдар мен өсімпұлдың есептелген, есепке жазылған, төленген сомаларын есепке алуды салық органдары салық төлеушінің жеке шотын жүргізу арқылы жүзеге асырады.
2. Салық төлеушінің жеке шотын жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
3. Салық төлеушінің жеке шоты ұлттық валютада жүргізіледі.
4. Мыналар:
салық төлеуші салықтық есептілікте;
салық органдары – осы Кодекстің 493 және 532-баптарында белгіленген жағдайларда, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері
негізінде;
уәкілетті мемлекеттік органдар осы Кодексте көзделген негіздер бойынша айқындаған сома (оның ішінде ұлғайтылуға немесе азайтылуға жататын сома) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің есептелген сомасы болып табылады.
5. Салық органы:
салықтық тексерудің нәтижелері бойынша;
салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарау қорытындылары бойынша;
деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша;
салық төлеушінің (салық агентінің) деңгейлес мониторинг нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарау қорытындылары бойынша;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның және оның аумақтық органдарының осы Кодекстің 573-бабының
3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуы бойынша тексерулерді (мемлекеттік экологиялық бақылауды) жүзеге асыру нәтижелері бойынша ұсынған мәліметтері негізінде айқындаған салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және әлеуметтік төлемдердің сомасы (оның ішінде ұлғайтылуға немесе азайтылуға жататын сома) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және әлеуметтік төлемдердің есепке жазылған сомасы болып табылады.
6. Осы баптың 4 және 5-тармақтарын қолдану мақсатында есепке жатқызылатын қосылған құн салығының есепке жазылған салық сомасынан асып кетуі де қосылған құн салығының сомасын азайту болып табылады.
7. Салықтар, бюджетке төленетін төлемдер, әлеуметтік төлемдер, айыппұлдар, өсімпұл бойынша салық төлеушінің жеке шотындағы
есеп-қисаптар сальдосы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептеледі.
8. Салық органдары салық төлеушінің жеке шотынан салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдердің, айыппұлдардың, өсімпұлдардың барлық немесе жекелеген түрлері бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы үзінді көшірмені салық төлеушінің сұрау салуы бойынша сұрау салу алынған күннен бастап бір жұмыс күнінің ішінде береді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-97/