НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

105-бап. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

тіркеу есебінен шығару
1. Салық органы салық төлеушіні қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның негізінде лицензиялауға жатпайтын қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебінен:
1) осы Кодекстің 104-бабының 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру тоқтатылған;
2) барлық салық салу объектілерін және тіркеу деректерінде көрсетілген салық салуға байланысты объектілер есептен шығарылған жағдайларда шығарады.
2. Лицензиялауға жататын қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебінен шығаруды салық органы рұқсаттардың және лицензияның қолданылуын тоқтату туралы хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алынған мәліметтер негізінде жүргізеді.
3. Салық төлеушіні жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің тіркеу есебінен шығару салық органының шешімі негізінде мынадай:
1) осы Кодекстің 104-бабы 1-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің: мұнай өнімдерін өндірушінің өндірістік объектісін жалға алу; мұнай өнімдері базасын (резервуарды), автожанармай құю станциясын жалға алу; автожанармай құю станциясының иесі (сенім білдірілген өкіл) тапсырма шарты бойынша өтініш берушінің (сенім білдірушінің) атынан және тапсырмасы бойынша бензинді (авиациялықтан басқа) және (немесе) дизель отынын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын автожанармай құю станциясының иесімен тапсырмалар; мұнай өнімдерін өндірушімен мұнай жеткізушінің мұнайын өңдеу; темекі бұйымдарын көтерме саудада сату кезінде қойма үй-жайын жалға алу шартының қолданылуы тоқтатылған;
2) осы Кодекстің 104-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша болмаған;
3) осы Кодекстің 104-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші акциз бойынша декларацияны және (немесе) есеп-қисапты осы Кодексте белгіленген ұсыну күнінен кейінгі күннен бастап үш айлық кезең ішінде ұсынбаған жағдайларда жүргізіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-105/