Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
107-бап. Салықтық тіркеу тәртібінің сақталуына мониторинг
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 95. Порядок и сроки проведения камерального контроля
· толық сәйкестік кестесі
жүргізу тәртібі
1. Салық төлеуші туралы мәліметтерді зерделеу және талдау нәтижелері бойынша осы Кодекстің талаптарын бұзу белгілері анықталған жағдайда салық төлеушіге салық органында тіркеу есебіне қою туралы хабарлама (бұдан әрі осы баптың мақсатында – хабарлама) ұсынылады.
Қызметін Қазақстан Республикасында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компанияға хабарлама ұсынылған кезде салық органы Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасының халқын мұндай компанияның хабарламаны орындамауының салдары туралы хабардар етеді.
2. Салық төлеуші:
1) хабарламамен келіскен жағдайда хабарламада көрсетілген салықтық тіркелу туралы талапты орындайды;
2) хабарламамен келіспеген жағдайда осындай келіспеушілігін негіздей отырып, түсініктеме (бұдан әрі осы баптың мақсатында – түсініктеме) береді.
3. Түсініктеме еркін нысанда ұсынылады және мыналарды:
1) хабарламаны жіберген салық төлеушінің және салық органының сәйкестендіру деректерін;
2) хабарламаның күні мен нөмірін;
3) хабарламамен келіспеуінің негіздемесін қамтуға тиіс.
Салық төлеуші өзінің негіздемесін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса беруге құқылы.
Хабарламаны түсініктеме беру арқылы орындау кезінде хабарламада көрсетілген бұзушылықтарға жатпайтын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
4. Ұсынылған түсініктемеде негіздеме болмаған және (немесе) негіздеме құжаттармен расталмаған жағдайда, хабарлама орындалмаған деп танылады.
5. Салық органы түсініктеме келіп түскен күннен кейінгі жиырма жұмыс күні ішінде, осы баптың 4-тармағында көрсетілген жағдайларда хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешім шығарады.
Хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешім (бұдан әрі осы баптың мақсатында – шешім) салық төлеушіге осындай шешім шығарылған күннен кейінгі екі жұмыс күні ішінде беріледі.
6. Қызметін Қазақстан Республикасында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компанияны қоспағанда, орындалмаған деп танылған хабарлама бойынша салық төлеушіге салықтық тексеру жүргізіледі.
7. Салық органы хабарламаны осы Кодексте белгіленген мерзімде:
1) қызметін Қазақстан Республикасында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компанияны қоспағанда, салық төлеуші орындамаған кезде – хабарламаны орындау мерзімі өткен күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешім шығарады;
2) қызметін Қазақстан Республикасында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компания орындамаған кезде – хабарламаны орындау мерзімі өткен күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде осындай компанияның интернет-ресурстарына және (немесе) интернет-алаңына қолжетімділікті шектеу туралы шешім шығарады.
Егер көрсетілген бөлікте өзгеше белгіленбесе, осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген қамтамасыз ету тәсілдері осы Кодекстің 5-тарауының 4-параграфында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қолданылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-107/