НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

108-бап. Әрекет етпейтін салық төлеушілер тізілімі

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Салық органы әрекет етпейтін салық төлеушілер тізілімін жүргізеді. Әрекет етпейтін салық төлеушілер тізіліміне соңғы салықтық есептілікті ұсынғаннан кейін он екі ай ішінде салықтық есептілікті дербес ұсынбаған салық төлеуші енгізіледі. Осы баптың ережелері осы Кодекске сәйкес салықтық есептілік ұсынуды тоқтата тұрған салық төлеушілерді қоспағанда, резидент-заңды тұлғаға, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаға немесе құрылымдық бөлімшеге, дара кәсіпкерге қатысты қолданылады.
2. Салық органы жыл сайын 30 сәуірден кешіктірмей салық төлеушіні әрекет етпейтін салық төлеушілер тізіліміне енгізу туралы шешім шығарады. Әрекет етпейтін салық төлеушілер тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсында осындай шешім шығарылған күннен кешіктірілмей орналастырылады.
3. Салық төлеуші салықтық есептілігі нөлдік көрсеткіштермен ұсынылған деп автоматты түрде танылған салықтық кезең үшін қосымша салықтық есептілікті ұсынған кезде әрекет етпейтін салық төлеушілер тізілімінен шығарылады. Салық органының әрекет етпейтін салық төлеушілер тізілімінен шығару туралы шешімін салық органы қосымша салықтық есептілік ұсынылған күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады. Әрекет етпейтін салық төлеушілердің жаңартылған тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсында салық органы салық төлеушіні әрекет етпейтін салық төлеушілер тізілімінен шығару туралы шешім шығарған күннен кешіктірілмей орналастырылады.
4. Салық төлеушіні нөмірлер тізілімінен алып тастаған немесе дара кәсіпкерді тіркеу есебінен шығарған жағдайда мұндай салық төлеушілер бір мезгілде әрекет етпейтін салық төлеушілер тізілімінен шығарылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-108/