НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

11-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) тұрған

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

жеріне байланысты ұғымдар Салық төлеушінің (салық агентінің) тұрған жері (бұдан әрі – тұрған жері) деп салық төлеуші (салық агенті) жатқызылған субъектінің санаттарына байланысты мынадай жерлер танылады:
1) жеке тұлғаның тұрғылықты жері – Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасына сәйкес азаматтың тіркелген жері;
2) Қазақстан Республикасында тіркелген жері жоқ, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тұратын Қазақстан Республикасы азаматының тұрғылықты жері – Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасына сәйкес азаматтың Қазақстан Республикасында соңғы тіркелген жері;
3) дара кәсіпкердің және жеке практикамен айналысатын адамның тұрған жері – Қазақстан Республикасында салықтық тіркелу кезінде мәлімделген, олардың қызметі басым түрде жүзеге асырылатын жер;
4) резидент-заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің тұрған жері – Қазақстан Республикасында тіркелу кезінде Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген, оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері;
5) қызметін құрылымдық бөлімше ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның тұрған жері – Қазақстан Республикасында салықтық тіркелу кезінде мәлімделген, қызметті Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын жер;
6) тиімді басқару орны Қазақстан Республикасында орналасқан, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның тұрған жері – Қазақстан Республикасында салықтық тіркелу кезінде мәлімделген және басқару органының тиісті хаттамасында көрсетілген, директорлар кеңесінің жиналысы немесе осыған ұқсас басқару органы айқындаған Қазақстан Республикасындағы нақты басқару органының тұрған жері;
7) шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның болатын жері – Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркелу кезінде мәлімделген, шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның уақытша болатын жері;
8) Қазақстан Республикасында болмайтын, салық агенті болып табылмайтын адамнан Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістерден жеке табыс салығын төлеу бойынша салықтық міндеттемесі туындайтын шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның болатын жері – Қазақстан Республикасындағы көздерден осындай шетел азаматына немесе азаматтығы жоқ адамға кіріс төлейтін адамның тұрғылықты (тұрған) жері.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-11/