НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

112-бап. Салықтық нысандар

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Салық төлеуші (салық агенті) салықтық міндеттемелерді орындау мақсатында салықтық нысандарды жасайды және салық органына ұсынады. Салықтық нысандарға мыналар жатады:
1) салықтық өтініш;
2) салықтық есептілік. Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған жағдайларда және тәртіппен салық төлеуші (салық агенті) салық органына Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген хабарламаны ұсынады.
2. Салықтық нысандар қазақ немесе орыс тілінде жасалады және қағаз жеткізгіште немесе электрондық құжат нысанында ұсынылады. Салықтық нысандар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мөрмен куәландырылады.
3. Салықтық нысандар талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде сақталады. Салық төлеуші (салық агенті), оператор – заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде қайта ұйымдастырылған тұлға үшін салықтық нысандарды сақтау жөніндегі міндеттеме оның құқық мирасқорына жүктеледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-112/