Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
114-бап. Салықтық есептілік, салықтық есептіліктің түрлері
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 114. Общие положения
· толық сәйкестік кестесі
1. Салықтық есептілік – салық төлеуші (салық агенті), салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер, активтер мен міндеттемелер, кірістер мен мүлік туралы, сондай-ақ салықтық міндеттемелер мен әлеуметтік төлемдерді есептеу туралы мәліметтерді қамтитын салық төлеушінің (салық агентінің) құжаты.
2. Салықтық есептілікке декларациялар, оның ішінде тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш, сондай-ақ салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері, әлеуметтік төлемдер бойынша есеп-қисаптар жатады.
Декларация – декларацияның өзінен және қосымшалардан, есеп-қисап – есеп-қисаптың өзінен және қосымшалардан тұрады.
3. Егер осы Кодекстің 422-бабының 5-тармағында өзгеше көзделмесе, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қоспағанда, салықтық есептілік мынадай түрлерге бөлінеді:
1) бастапқы салықтық есептілік – салық төлеушіні (салық агентін) салықтық тіркеу жүргізілген, салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің белгілі бір түрі бойынша салықтық міндеттеме, сондай-ақ әлеуметтік міндеттеме алғаш рет пайда болған салықтық кезең үшін ұсынылатын салықтық есептілік;
2) кезекті салықтық есептілік – бастапқы салықтық есептілік ұсынылғаннан кейін келесі салықтық кезеңдерге ұсынылатын салықтық есептілік;
3) қосымша салықтық есептілік – бұрын ұсынылған салықтық есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде ұсынылатын салықтық есептілік;
4) хабарлама бойынша салықтық есептілік – салық органы хабарлама нысанында шешімді жіберген салықтық кезең үшін ұсынылатын салықтық есептілік.
Хабарлама бойынша бастапқы немесе қосымша салықтық есептілік ұсынылуы мүмкін;
5) таратудың салықтық есептілігі – салық төлеуші (салық агенті) қызметін тоқтатқан, таратылған немесе қайта ұйымдастырылған кезде, сондай-ақ қосылған құн салығын төлеуші тіркеу есебінен шығарылған кезде ұсынылатын салықтық есептілік.
4. Мыналарды:
1) өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға арналған арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалардың салықтық есептілікті ұсынуы;
2) салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болмаған кезде – кірістер болып табылмайтын және (немесе) салық салуға жатпайтын кірістерге байланысты төлемдерді көрсетуді көздейтін салықтық есептілікті қоспағанда, салықтық есептілікті;
3) декларацияларға және (немесе) есеп-қисаптарға қосымшаларда көрсетілуге жататын деректер болмаған кезде декларацияларға және (немесе) есеп-қисаптарға қосымшаларды ұсыну талап етілмейді.
5. Мыналарды:
1) заңды күшіне енген сот актісі негізінде тіркеуі жарамсыз деп танылған дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның салықтық есептілікті;
2) корпоративтік табыс салығы және (немесе) қосылған құн салығы бойынша салықтық міндеттемелердің азаюына алып келетін, таратылған немесе қызметін тоқтатқан салық төлеушімен жасалатын мәмілелер бойынша сомаларды көрсету бөлігінде қосымша салықтық есептілікті ұсынуға тыйым салынады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-114/